Фабри ауруымен ауыратын пациенттерді емдеу және бақылау
Фабри ауруы — жазылмайтын жағдай, бірақ аурудың өршуін бақылау үшін нақты патогенетикалық фермент алмастырушы терапияны (ФАТ) қолдануға болады. Нақты терапияға қосымша, клиникалық симптомдарды жеңілдету үшін қосымша емдеу әдістері тағайындалуы мүмкін. Шаперондық терапия Қазақстанда тіркелмеген.1
Қазіргі қол жетімді емдеу әдістері
- Фермантті алмастыру терапиясы (ФАT) Еуропада 2001 жылы пайда болды және Фабри ауруының негізін құрайтын ферменттердің жетіспеушілігін емдеудің алғашқы мүмкіндігі болды.1
- Ол альфа-галактозидаза А-ның экзогендік көзі болып табылады, ағзаның жасушаларында жетіспейтін ферментті алмастырады, аурудың дамуын бәсеңдетуге көмектеседі.1
- Басқа дәрі-дәрмектер, мысалы, ауырсынуды басатын дәрілер, гипотензивті дәрілер, диализ, диуретиктер, кардиостимуляторлар және т.б. Фабри ауруының асқынуын емдеуде қолданылуы мүмкін.2
Қосымша ақпарат пен ұсыныстар алу үшін дәрігеріңізге хабарласыңыз



